1 қаңтардан бастап Ақтөбеде судың құны төмендейді

Келер жылы ақтөбеліктер салқын су үшін 78 теңге 36 тиын төлейді, деп хабарлайды «Ақбұлақ» АҚ.

Электр энергиясын тасымалдайтын «Энергосистема» ЖШС келер жылы бағаны 12 пайызға төмендетпек. Сондай-ақ, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ электр энергиясын 7,30 теңге емес, 6,04 теңгеге сатпақ.

Осыған орай, «Ақбұлақ» АҚ келер жылы өзінің тарифін өзгертеді. 1 қаңтардан бастап ақтөбеліктер салқын су үшін 78,36 теңге, кәріз жүйесі үшін 67,57 теңге төлейтін болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: