Ақтөбе облысының Құрметті азаматы атағын кімдер алады?

Көрнекі фото: Today.kz

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары Құрметті азамат атағын алатын 5 адамды бекітті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық мәслихат депуттаттары сессия кезінде бес адамды қолдады. Олардың бірі 30 жылдан астам уақыт бойы прокуратура саласында еңбек еткен Мария Тәжібаева. Зейнеткер әлі де қаланың, облыстың қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып жүр.

Екінші – философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов. Қазір ол Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде жұмыс істеп жүр.

Үшіншісі – журналистика ардагері Нұхы Қартбаев.

Төртіншісі – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, педагогика саласының үздігі Қайырғали Қожанбаев. Ол 1971 жылы Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе музыкалық училищесінің негізін қалап, директоры болды. Ақтөбе облыстық Ғ. Жұбанова атындағы филармониясының «Арайлы Ақтөбе» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары «Алтын-Әсел» ЖШС-нің директоры Хамит Өтеуовке Ақтөбе облысының Құрметті азаматы атағын беруге келісті. Ол бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысына қаржы бөліп, демеушілік жасады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: