Ақтөбедегі шөбі өртенген ауылда еріктілер күзетке шықты

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылында тұрғындардың шөбі өртеніп, 7 үйге шығын келді. Қазір ауылдың шөбін 50 ерікті күзетіп жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қосестек ауылының шөбі өртеніп, полиция қызметкерлері жұмысты күшейтті. Бар жиғанынан айырылып қаламын деп қорыққан тұрғындар күні-түні кезекшілік қойып, аулаға ит байлады. Ал бүгін Қосестекте еріктілердің де күзетке шыққаны белгілі болды.

«Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылды. Қарғалы аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметі, 50 ерікті 24 сағат бойы күзет қойып, рейд жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, құрылған топ шөбі өртенген адамдармен кездесіп, әлеуметтік-материалдық көмек жайын талқылады. Қылмыстық іс қозғалып, облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр», — деп хабарлады Қарғалы аудандық әкімдігі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: