БАҚ: Ресей Украинаның ондаған азаматына санкция салады

Ресейдің Украинаға салатын санкциясына 350 компания мен 50-ден астам жеке адам ілігуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері Ресей үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Дереккөзі министрлер кабинеті шектеу шаралары туралы құжат дайындауды аяқтап қалғанын айтқан.

ТАСС агенттігінің өкілі санкция тізіміне іліккен украин азаматтарының аты-жөнін атамаған. Ол құжатта «Украина азаматтары күтпеген нәрсе көп болатынын» айтқан.

Ресей президенті Владимир Путин 22 қазанда Украинаға жауап ретінде санкция салу туралы жарлық шығарып, ол ендігі күшіне енген. Егер Киев Ресей азаматтарына салған санкциясын жойса, онда Мәскеу қарсы санкция салудан бас тартуы мүмкін.

Батыс елдері мен Украина 2014 жылы Қырымды аннексиялап, Донбасстағы қақтығысқа киліккені үшін Ресейге қарсы санкциялар салған. Мәскеу Қырымды Ресейге қосып алуды «тарихи әділеттілікті қалпына келтіру» деп атайды, бірақ Украина шығысындағы қақтығысқа киліккенін жоққа шығарады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: