Ауыл тұрғыны: БАҚ-тан қанша оқысақ та, əлеуметтік бағдарламалар ойға қона бермейтін-ді

Мұғалжар ауданының тұрғындары елдегі жаңа əлеуметтік жобаларды қарапайым тілмен түсіндірген «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы облыстық ақпараттық тобына алғыс білдіріп жатыр.

Қазіргі таңда Ақпараттық топ Мұғалжар ауданында түсіндіру жұмыстарымен жүр. Халыққа «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының жолдауы насихатталып жатыр. Сондай-ақ, елдегі əлеуметтік бағдарламалар жөнінде толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайында сөз қозғалды.

«Осылай халықпен жүздесіп, əлеуметтік жобаларды қарапайым тілмен түсіндіріп бергеніңізге көп рақмет! Бұрын газеттен оқысақ та, теледидардан көрсек те ойға онша қона бермейтін еді. Ал сіздер жалпақ тілмен керемет жеткізе білдіңіздер. Ендігəрі əлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтарын біліп жүреміз», — деді Жұрын ауылының тұрғыны Сақтапберген Майбасов.

Айта кетейік, ақпараттық топ Мұғалжар ауданынан кейін Темір, Қобда, Ойыл, Əйтеке би, Қарғалы аудандарына бармақ.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: