Ақтөбелік полицейлер оқушыларға лаңкестік жағдайда қалай қимылдау керектігін үйретіп жатыр

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында тәртіп сақшылары қаладағы орта мектептер мен бірқатар мемлекеттік мекемелерді аралап жүр, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Оқушылар мен студенттерге арналған лаңкестік әрекетке қарсы тренингтер өтті. Төтенше жағдай кезінде өзін аман сақтап қалудың амалдары тәжірибе жүзінде көрсетілді. Жалпы екі күннің ішінде 38 шара өтіп, 3,5 мыңнан астам адам қамтылды. Сондай-ақ, 500-ден астам ақпараттық парақшалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: