Ақтөбеде садақаны енді терминал арқылы салуға болады

Халықтың сенімін арттыру үшін облыстық орталық мешітке садақа қабылдайтын терминал қойылды, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.

Бас мүфти бастамасымен мешіттердегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі – қалалардағы ірі мешіттерге садақа терминалдарын орнату. Жақында мұндай құрылғы «Нұр Ғасыр» мешітіне де қойылды.

«Бастаманың басты игіліктерінің бірі – садақа салушы халықтың сенімінің нығаюында және жеделдікті қамтамасыз етуде», — дейді өкіл имам Төлеби Оспан.

Аударым үшін комиссия алынбайды. Қаражат тікелей мешіттің есеп-шотына түседі. Сондай-ақ, түбіртек беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: