Александр Симчевич: Капитан ретінде ақтөбелік жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Ақтөбе» футбол клубының капитаны «Қайратпен» болған кездесу жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұндай жеңілістен кейін бір нәрсе айту өте қиын. Бірінші кезекте капитан ретінде команданың атынан ақтөбелік жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Олар мұндай жеңіліске лайық емес еді. Трибунада бізді қолдағандары үшін алғысым шексіз! Қарсыласымыз бізді тас-талқан етсе де жанкүйерлер бізді қолдап жатты! Тек ақтөбеліктер ғана осылай қолдай алады! Мұндай нәтиже үшін ұялып отырмыз…
Қазір кез келген дәлелдің сылтау болып көренері анық. Айтарым – осы ойыннан сабақ алып, маусымды абыроймен аяқтауға бар күшімізді жұмсаймыз, — деді команда капитаны Александр Симчевич.

Айта кетейік, кеше, 30 қыркүйек күні Алматыда «Ақтөбе» клубы «Қайраттан» 6:1 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, «Ақтөбе» футбол клубы сатылымға шығарылған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: