Ақтөбеде менингит жұқтырған баланың жағдайы орташа ауыр

Көрнекі сурет: bnews.kz

Ақтөбеде менингит жұқтырған 5 жастағы қыз қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Науқастың жағдайы — орташа ауыр.

Ақтөбеде 5 жастағы қыздан менингит диагнозы анықталып, қазір ол жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, анасы да ем қабылдады. Баланың жағдайы — орташа ауыр.

Айта кетейік, кеше сағат 12:00-де 5 жастағы қыздың диагнозы зертханалық түрде дәлелденді. Зерттеу кезінде балабақша мен үй іші, жақындары тексерілді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: