Арменияның Қазақстандағы елшісі: Ақтөбенің жастары өз болашағына сеніммен қарайды

Елші Ара Саакян ақтөбеліктердің ашық мінезі мен қонақжайлылығына таңғалған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бес жылғы дипломатиялық қызметімде Ақтөбеге талай рет келгенмін. Келген сайын Ақтөбе өзгеріп кеткендей, көз алдымда жаңа қала тұрады. Сәулет өнері, қала құрылысы тұрғысынан қала әсемденіп жатыр. Бірақ Ақтөбенің тұрғындарына үнемі таңғала беремін. Олар ашық мінезді, қонақжай. Әсіресе, жастардың бойынан шығармашылық пен креативті байқадым. Олар өз болашағына сеніммен қарайды. Бұл өте маңызды. Ақтөбеде өнерге және мәдениетке жақын жастарды өте жиі кездестіремін. Сонысымен Ақтөбе маған ұнайды», — деді Ара Саакян.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: