Әйгілі ақын Марфуға Айтхожина облыс әкімі Сапарбаевқа: Сіз өңірден кеткенде халық жылап қоштасады

Қазақтың жыр аққуы атанған ақын Марфуға Айтхожина өңір басшысы Бердібек Сапарбаевқа 7 томдық кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

21 қыркүйекте тұңғыш рет өткен республикалық «Анаға тағзым» слетіне қазаққа адал еңбегімен әйгілі аналар қатысты. Солардың бірі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтхожина слетті ұйымдастыруға бастамашы болған Бердібек Сапарбаевқа алғысын жаудырып, өлең арнады.

Ақын облыс әкімін Алатауға теңеп, оған өзінің 7 томдық таңдамалы шығармаларын сыйға тартты.

«Қай жерге, қай облысқа барсаңыз да, сіз басқа өңірге кеткенде халық жылап қоштасады. Сіздің жақсылығыңызды аузынан тастамай, Шығыстың үлкен керемет Алатауының биік шыңдарындай тіреу, сүйеу екеніңізді ұмытпайды, жақсылығыңызды айтып жүреді», — деді Марфуға Айтхожина.

Пікір қалдырыңыз