Тамыз айында ақтөбеліктер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 400 миллион теңгеге жуық жарна аударған

Бұл сақтандыру қорына түскен барлық жарнаның 4,6%-ын құрайды, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 97 млрд теңгеге жетті. Тамыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Ақтөбе облысының үлесі 4,6%-ды құрайды, яғни 400 миллион теңгеге жуық жарна түскен.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта сақтандырылған адамдарға медициналық қызметтер көрсетуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: