Автобус өртіне қатысты қылмыстық іс: Түркістанмен тікелей байланыс орнатылды

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус өртіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бүгін жәбірленушілер Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотынан тікелей байланысқа шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін сағат 10:00-де іс қаралуы тиіс болды. Бірақ Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты бейнебайланысты техникалық жағынан дайын болмай, бір сағаттық үзіліс жарияланды.

«Жәбірленуші тарапты екі қорғауышы қорғайды. Олар бүгін жауап беріп, ертең еліне қайтуды жоспарлап отыр. Сондықтан бүгін бәрінен жауап алынуын сұраймыз», — деді жәбірленушілердің қорғаушысы Н.Садырбекова.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының мұғалімі сотта орыс, қазақ, өзбек тілдерін білетін болған соң аудармашының қызметін атқарып отыр. Сот отырысы кезінде шығынды төлей алмайтын және орыс тілін түсінбейтін болған соң судья олардың Түркістан облысы арқылы байланысқа шығуға рұқсат берді.

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: