Ақтөбеде жылқы іздеп кеткен мемлекеттік қызметкер табылмай жатыр

Фото: www.argymaq.kz

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жылқы іздеп кеткен алты адам табылмай жатыр. Олардың үшеуі Шалқар ауданының тұрғындары. Жоғалғандардың қатарында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы қызметкері де бар.
«Шаруашылық менің атымда. Екі балам екі жыл бұрын жоғалған 33 бас жылқыны іздеп кеткеннен жоқ. Он күннен бері хабарласа алмай отырмыз. Өзім 80 жастамын. Балалар қызметте жасайды. Жақында сыртта жүрген жылқыларды көрдік деген хабарды естіген балаларым машинамен шығып кеткен», — дейді Бақберген Қарақов.
Қарақовтар отбасы полицияға арызды 6 қыркүйекте түсірген.
«42 және 46 жастағы екі баламның да отбасылары бар. Осыған дейін де бірнеше жерден іздеп қайтқан. Бұлай хабарсыз кетпеп еді», — дейді әкесі.
Ағайынды Мейіржан мен Мейірхан Қарақовтардың туыстары 10 күннен бері хабарсыз кеткен жоғалғандарды төтенше жағдай қызметінің тікұшақпен іздеуін сұрайды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: