Еліміздің танымал вайнерлері Бурабайда болды

Танымал вайнерлер мен блогерлер Бурабайда жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметі бойынша шараға еліміздің әр өңірінен жиналған вайнерлер қатысты.

Блогерлер күнін атап өту 2005 жылдың 31 тамызынан бастау алады. Оған LiveJournal журналының қолданушыларының Blog сөзін 3108 деген сандарға ұқсастуы себеп болған. Сондықтан, блог (блогерлер) күні 8 айдың 31 күніне белгіленген екен.

Шара шеңберінде Бурабайдың көрікті жерлеріне саяхат жасады. «Щучье-Бурабай» курортты аймағында  мәдени-тарихи орындар вайнерлердің ерекше тәнті етті. Сонымен қатар, «Burabay Land» тақырыптық саябағы, шипажайлар және қонақүйлер де болды.

«Бұл еліміздің інжуі Бурабай курортында  отандық танымал  вайнерлердің бас қосып отырған алғашқы BLOG-Fest шарасы. Мұндағы басты мақсат Бурабай курортының танымалдылығын арттыру.  Шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылп отырады», — дейді «Borovoe_travel» компаниясының директоры Руслан Омарханов.

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: