Ақтөбелік депутаттар қоқыс шығару тарифінің өсуін қолдады

Қоқыс шығару тарифі көпқабатты тұрғын үйлерге 180, ал жеке тұрғын үйлерге 200 теңге болады. Бұл тарифті қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында қоқыс шығару тарифін көтеру мәселесі тұрғын үйлердің ауласында, мектептердің мәжіліс залдарында талқыланды. Бұл ұсынысты талқылауға аз адам жиналды. Ал жиналғандардың бәрі тарифтің көтерілуіне қарсы болды. Бұл жолы қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері үш компания ұсынған бағаны қарап, бір шешім қабылдады. Енді жеке тұрғын үйде тұратын әр адамға 200, ал көпқабатты тұрғын үйдені жан басына 180 теңге болады. Бұл тариф қыркүйек айында қолданысқа енгізіледі.

«Қазір адамдардың нақты санын білу де қиын. Үй кітапшасы жоқ, ал анықтаманы алуға компанияларға құқық берілмейді. Сондықтан 5 адам тұрғанымен, қоқыс төлеуге келгенде 1 адам деп келісімшартқа отыруы мүмкін. Сондықтан осы мәселені шешу үшін абономентті нақтылап, келісімшартқа сәйкес коммуналдық шығынды есептеу керек», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: