Үш жылдан соң Ақтөбеде жаңа қоқыс өңдеу зауыттары салынуы мүмкін

Ақтөбеде қоқыс өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Жергілікті әкімдік инвесторлар 2021 жылы қаржы салады деп отыр.

«Қоқыс шығару мәдениеті әлі төмен. Қазір тек пластикалық бөтелкеге арналған арнай жәшік бар. Алдағы уақытта бірнеше контейнер қойып, тұрғындардың қоқысты сұрыптап шағаруын міндеттеуіміз мүмкін. Жоспар бойынша 2021 жылы инвесторлар қаржы салып, қоқыс өңдеу зауытын салады. Қазіргі күннің өзінде 5-6 инвестордың ұсынысы бар», — деді қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов.

Оның айтуынша, қалаға жаңа контейнерлер жеткізіліп жатыр. Бірақ жылжымалы контейнерлердің доңғалақтарын ұрлау деректері көбейген.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында тұрмыстық қалдықты сұрыптау зауыты жұмыс істеп тұр. Жылына қаладан 200 мың тонна қоқыс шығарылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: