Келесі жылы Ақтөбеде бірыңғай мектеп формасы болады

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Ақтөбе мектептерінің 70 пайызында бірыңғай мектеп формасы сақталған. Ал келер жылы мектеп оқушылары бірдей форма киеді.

«Жоспар бойынша 2019 жылы мектеп формасы сақталады. Бұл жұмыс 2016 жылы басталған болатын. Қазір 70 пайызға жетіп отыр. Мектеп-гимназияларда өз формасы қалған, бірақ келер жылы бәріне ортақ киім таңдалады», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәслихат депутаттарының алдында.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 570 мұғалім жетіспей тұр. Өңір басшысы бұған жоғары оқу орындары мен білім басқармасының арасында байланыстың жоқ болуы себеп екенін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: