Ақтөбеде жолаушыны тепкілеп тастаған жүргізуші жұмыстан шығарылуы мүмкін

Ақтөбеде N24 бағыттағы автобус жүргізушісніінің жолаушыны тепкіге алуына қатысты тергеу жұмыстары басталды. ІІД қызметкерлері видео әлеуметтік желіге жүктелген бойда жүргізушіні жұмыс жасап жүрген жерінен алып кеткен. Ал «Автопарк» мекемесінің басшылары жүргізушінің осыған дейін тәртіп бұзбағанын айтады.

«Болған жағдайға қатысты ішкі тексерістер жүріп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты біз ештеңе айта алмаймыз. Төбелес жасаған жүргізушіні жұмыс кезінде құқық қорғау қызметкерлері алып кетті. Ол адам мекемеде алты жылдан аса еңбек еткен. Осыған дейін оның үстінен шағым болған емес. Оның ағасы да бізде жұмыс жасады. Кешегі жағдайға қатысты біз тек кондуктордан түсініктеме алдық. Автобустың аялдамаға тоқтамай кеткенінен шу шыққан. Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушінің кінәсін анықтаған жағдайда онымен еңбек шартын бұзамыз», — дейді «Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: