«Бақытты бала»: Ақтөбеде 100 мыңнан аса бала жазғы лагерьге барды

Ақтөбе облыстық білім басқармасының мамандары 2018 жылдың жаз маусымында 118 мың оқушының демалысы ұйымдастырылғанын хабарлайды.

«Бақытты бала» жобасын жүзеге асыру аясында облысымыздың 502 дарынды үздік оқушылары мен әлеуметтік жағдайы нашар балалар алыс және жақын шетелдер мен еліміздегі сауықтыру лагерлеріне жіберілген.

«Шығыс Қазақстан облысындағы «Дарын» лагеріне 400 бала, РФ Орынбор облысындағы «Солнечная Страна» лагеріне 80 бала, Татарстан мемлекетіндегі робототехниканы тереңдетіп меңгертетін «Байтик» лагеріне 5 оқушы, Қытай мемлекетіне 5 оқушы, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 12 бала барды.», — деп хабарлайды облыстық білім басқармасының мамандары.

Сонымен қатар, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде еліміздің және облыстың киелі жерлеріне барлығы 15 мыңнан астам бала саяхатаған.

«»Байқоңыр – Ташкент — Самарқанд» бағытында 100 бала, «Бөбек» және «Балдәурен» республикалық орталықтарында аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сонымен бірге дарынды балалардың да демалыстары жалғасуда. Республикалық жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлерде 187 бала демалды.
2018 жылғы шілде айында Алға ауданының Бестамақ ауылында жыл бойы жұмыс жасайтын инклюзивті «Күншуақ» демалу және сауықтыру лагері ашылып, 6 ауысымда 600 ерекше баланы қамту көзделіп отыр», — дейді мамандар

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: