Ақтөбелік Сұлтан Жасыбай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спортының Федерация Кубогін жеңіп алды

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екі жас ерекшеліктері бойынша паралимпиадалық және арнайы бағдарламалық Қазақстан Республикасының ат спорты федерациясының III Ашық Кубогі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жарыста ақтөбелік Сұлтан Жасыбай 14 жастан асқан шабандоздар арасында В сынағы бойынша жеңімпаз атанды.

«Менің бұл жарысқа бірінші рет қатысуым. Қатысушылар арасында ұпай саным көп болып, жеңімпаз атандым. Енді қыркүйек айында өтетін ҚР чемпионатына дайындаламын», — дейді Сұлтан Жасыбай.

Жарысқа 6 облыстан 28 қатысушысы келді. Олар 14 жасқа дейінгі және 14 жастан жоғары жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті.

Пікір қалдырыңыз