Сіз медициналық көмектің жаңа үлгісіне дайынсыз ба?

Елде тегін медициналық көмектің жаңа үлгісі пайда болды. 2020 жылы қолданысқа енгізілетін жоба халыққа таныстырыла бастады. Созылмалы ауруларды белсенді диспансерлеу тегін медициналық көмектің жаңа үлгісінде қарастырылған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер мен 1,2,3-ші топ мүгедектеріне, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғаларға, мүгедек бала күтімімен отырғандар, жас босанған аналар үшін мемлекет жарна төлейді. Сондай-ақ, жұмыссыздарға жарна мемлекеттен төленеді. Уақытша жұмыссыз қалған азаматқа да қор 3 ай қызмет етеді. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің жаңа үлгісінде созылмалы сырқатты белсенді диспансерлеу қарастырылған.
Жарнаны қорға уақытылы аударушылар арзан-қымбатына қарамастан медициналық қызметтің барлық түрін тегін алу құқына ие болады», — деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.

Мамандар заңдағы жаңа өзгерістер мен тегін берілетін дәрі-дәрмек туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: