Ақтөбенің индустриалды аумағында полиэтилен пакетін шығаратын зауыт іске қосылды

Ақтөбеде бір жылда 1200 тонна пакет шығаратын зауыт ашылды. Онда өндірілетін пакеттер экологияны ластамау үшін өздігінен ыдырап кетеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Зауыттың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Оның айтуынша, инвестициялық жобаны іске асыру барысында «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы пакет шығаратын компанияға инфрақұрылымдық желілері тартылған 1 га жерді ұсынды.

500 миллион теңгеге салынған зауыт жылына 1200 тонна дайын өнім береді. 60 жұмыс орны ашылды. Шыққан өнім бірінші кезекте Ақтөбе облысында, сондай-ақ, еліміздің басқа өңірлерінде сатылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: