Кремль: Путин мен Трамп Хельсинкиде оңаша кездесуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 16 шілдеде Хельсинкиде өтетін кездесу алдында оңаша, көмекшілерінің қатысуынсыз жүздесуі мүмкін. Бұл туралы 3 шілдеде журналистерге Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады, деп мәлімдейді Азаттық.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Хельсинкидегі кездесуге дайындықты талқылады. Екі саясаткер Сириядағы жағдай мен Солтүстік Кореямен қарым-қатынастағы шиеленісті бәсеңсіту жайын талқылады.

Мәскеу мен Вашингтон арасындағы соңғы жылдары қырғи-қабақ соғыс кезеңі аяқталғаннан бері болмаған деңгейде нашарлап кетті. Бұған Ресейдің 2014 жылы наурызда аннексиялап алуы, Украинаның шығысы мен Сириядағы қарулы қақтығыстарға араласуы және АҚШ-тағы 2016 жылы өткен президент сайлауына килігуі себеп болған.

2 шілде күні Песков Ресей президенті Трамппен Қырым мәртебесінен басқа барлық мәселе бойынша ымыраға келу жолдарын бірлесе қарастыруға дайын екенін мәлімдеген. Мәскеу Қырымды Ресей жері санайды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: