Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына кірпіш жетпей жатыр

Ақтөбе қаласында тұрғын үй құрылысы бәсеңдеп қалды. Жоспар бойынша биыл 870 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс болса, қазір құрылыс компанияларына кірпіш жетпей жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдеп қалды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың қарқынына алаңдаған облыс әкімі бүгін жауапты мамандардан себебін сұрады.

«Құрылыс саласында қиындықтар бар. Құрылыс компанияларын, зауыт басшыларын жинап, мәселені шешу жолдары қарастырылды. Жұмысты аяқтауға 50 мың дана кірпіш керек. Ал бізге күніне 5 мың кірпіш жеткізіліп жатыр. Тасымал кезінде сынып қалатыны тағы бар», — деді қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов.

Пікір қалдырыңыз