«Хабар» арнасының Ақтөбедегі меншікті тілшісі Лейла Әуесова Журналистер одағының сыйлығына ие болды

Журналистер одағы басқармасының шешімімен Одақтың 2018 жылғы сыйлықтарының лауреаттарының есімдері белгілі болды. Биыл бұл тізімге Қазақстанның аймақтарынан 12 журналист ілікті.

«Хабар» арнасының Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі Лейла Әуесова әлеуметтік тақырыптарға өзекті материалдар дайындағаны үшін одақтың сыйлығына ие болып отыр.

Марапатталғандардың қатарында ҚазТАГ агенттігінің тілшісі Владимир Радионов, журналист Қуандық Шамахайұлы, шолушы Алексей Никоноров Алексей, «Время» газетінің тілшісі Оксана Акулова, т.б. бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: