Ақтөбеде букмекерлік кеңсе қызметкерінің ақшасын қорқытып алғандар сотталды

 

Ақтөбеде букмекерлік кеңседе отырған қызметкердің ақшасын қорқытып алғандар сотталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

№2 Ақтөбе қалалық сотында Нұржан Сағитжанов және Асылбек Домбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, сотталушы Нұржан Сағитжанов Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан букмекерлік кеңсенің жанынан өтіп бара жатып қызметкері Ж.Махамбетованың жалғыз отырған байқап қалады. Сол кезде бөтелке сынығын қолына ұстап, букмекерлік кеңсеге кіреді. Үстелден секіріп Ж.Махамбетованың қасына барып, қолында болған 40 000 теңгесін және үстелде тұрған 100 000 теңгені тартып алады.

Кейін сотталушылар Нұржан Сағитжанов және Асылбек Домбаев қаладағы Сәңкібай батыр көшесінде орналасқан дүкенге кіріп, 30 мың теңгені алып кетеді. Сотталушы Н.Сағитжанов сот талқылауында тағылған айыпты толық мойындап, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтып берді.

«Нұржан Сағитжанов ҚК-тің «Тонау» бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Асылбек Домбаев ҚК-тің «Тонау» бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Нұржан Серікбайұлы Сағитжанов пен Асылбек Балмуханбетович Домбаевтың әрқайсысынан мемлекет пайдасына сот шығыны 5640 теңгеден өндірілсін», — деді судья С.Тасымбетов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: