Бүгін Түйетөбе басында әруақтар рухына құран оқылды

Бүгін ақтөбеліктер Түйетөбе басына жерленген саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті. 1930-1950 жылдары ату жазасына ұшыраған азаматтардың ұрпақтары бабалары жерленген орынға гүл шоқтарын қойды.

«Тарихсыз болашақ болмайды. Өткен ХХ ғасыр қазақ үшін қасіретті, қайғылы болды. Біз оны ешуақытта ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздігіміздің арқасында жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатыр. Бүгін біз осынау төбеде тұрып, әруақтарға тағзым етуіміз керек. Олар халықтың болашағы үшін жанын қиды. Тірі ұрпақтың негізгі міндеті — бабалар рухын ардақтап, есте сақтап, жастарға елдің бірлігі үшін жұмыс жасау керектігін түсіндіруіміз керек», — деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысының әкімі жастарға бабалар ерлігін ұмытпауды айтып, қасіретті жылдардың қайтып келмеуін тіледі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біздің ең негізгі міндетіміз — көпұлтты Қазақстандағы ынтымақтастықты, достықты сақтау. Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, дамуы үшін еңбек етуіміз керек. Бізді жерлестеріміздің әруағы қолдасын. Енді ешқашан кінәсіз азаматтарымыз өмірден кетпесін», — деді әкім.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: