Ақтөбеліктер бау-бақша статусын тұрғын үй құрылысына арналған жерге ауыстырып жатыр

Фото: market.kz

Ақтөбеде бау-бақшада тұратын адамдар жердің статусын өзгертіп жатыр. Биыл жұмыс нәтижесі он есеге артқанымен, тұрғындарға қатаң талап қойылуда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаланың аумағына жақын орналасқан бау-бақшаларды жеке тұрғын үйге ауыстыру қарқынды жүргізіліп жатыр. Өткен жылы тек 220 жердің статусы ауыстырылса, биыл 2 мыңға жуық бау-бақша ұжымының нысаналы мақсаты жеке тұрғын үйге өзгертілді.

«Бау-бақшада тұратын адамдар жолды кеңейтуі керек. Яғни, енін 12-15 метрге кеңейту жөнінде әкімдік тарапынан талап қойылып отыр. Ол ертеңгі күні коммуникациялық желілерді қайтадан қалыпқа келтіруге, жолдарын дұрыстауға кедергі болмау керек. Соның барлығына түсіністікпен қарауға шақырамыз», — дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: