Ақтөбелік Жалғас Жұмағұлов әлемнің ең үздік 20 спортшысы қатарында

Аралас жекпе-жектен қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып жүрген спортшы әлемдегі мықтылардың алдыңғы қатарына ілікті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Fight Nights Global тұжырымының рейтингінде көш бастап тұрған Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте де бір сатыға жоғарылап, әлемнің ең үздік 20 спортшысы қатарына кірді. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын Жалғастың салмағында ең үздік спортшысы UFC чемпионы Деметриус Джонсон тұрса, екінші орында Хенри Сехудо тұр.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 86 турнирінде өткізіп америкалық спортшы Тайсон Нэмді айқын басымдылықпен жеңген еді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: