Никол Пашинян Армения премьері болуға қажетті дауысты жинай алмады

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болуға қажетті дауысты жинай алмады, деп жазады Арменпресске сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Бұл 1 мамыр күні өткен Арменияның Ұлттық жиналысының арнайы отырысында ашық дауыс беру нәтижесінде белгілі болды. Пашинянды 45 адам жақтаса, 56-сы қарсы дауыс берген. Ешкім қалыс қалмаған.

Арменияның премьері болу үшін Пашинянға кем дегенде 53 дауыс алу керек еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Армения ұлттық жиналысының төрағасы Ара Баблоян елде премьер-министрді сайлау өтетінін мәлімдеген еді.

Пікір қалдырыңыз