Ұзақ уақыт бойы құрылысты аяқтай алмай отырған ақтөбелік кәсіпкерлердің ісі сотқа беріледі

Ақтөбе қаласында 27 нысанның құрылысы ұзақ уақыт бойы аяқталмай отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі әкімдіктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қала әкімдігі мен «Ақтөбе сәулет пен қала құрылысы бөлімі» нысандардың құрылысын аяқтауға міндеттеу үшін Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа шағым түсірмек», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жеке тұрғын үй салуға берілген жерде ештеңе салмаған қарапайым ақтөбеліктер де 10 сотық жерінен айырылуы мүмкін. 2-5 жыл бұрын жалға алынып, бірақ әлі күнге дейін ешқандай құрылыс жұмыстары жүрмеген 40 учаске анықталды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: