«Бақытты бала»: Ақтөбе облысында ауыл кәсіпкерлері жомарттық танытты

Ауыл кәсіпкерлері де «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыруға үлес қосып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Хромтау ауданының Қарлау ауылында 22 сәуірде Наурыз мерекесі тойланды. Өзі небәрі 130 адам тұратын ауылда 7 шаруа қожалығы бар. Тұрғындардың дені өзін-өзі қамтып, мал өсіріп, мал басын көбейтіп, жем шөп әзірлеп, жыл бойына еңбек етеді.

Мерекеге орай, ауыл кәсіпкерлері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыруға үлестерін қосты. Олар бастауыш мектеп оқушыларына спорттық құрал-жабдықтар тарту етті. Сондай-ақ, 100 мың теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: