Алматылық қуыршақ театры Ақтөбе балаларына қуаныш сыйлайды

Алматы қалалық қуыршақ театры бір апта бойы өзінің таңдамалы қойылымын сахналайды. Мектептерде «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» атты қойылым болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеге Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры келді. 80 жылдан астам тарихы бар театр — «Ана жүрегі» (авт.Е.Ионов, реж.А.Зайцев), «Аква ертегі» (авт.А.Сергеев, реж.О.Ақжарқын-Сәрсенбек), «Ана-Жер ана» (авт.Ш.Айтматов, реж. Д.Жұмабаева), «Тоба» (авт.Е.Жуасбек, реж.Ж.Жұманбай), «Сағыныш шөбі» (авт.Р.Отарбаев, реж.Р.Жаныаманов) сынды қойылымдарымен көрермен қошеметіне бөленіп жүр. Алдағы екі күнде Ақтөбеде ұйымдастырылып жатқан «Балауса» экспериментальды қойлымдар фестиваліне Ш.Айтматовтың «Ана — жер ана»(реж. Д.Жұмабаева) қойылымымен қатысады. Ал сәуір айының 19 мен 23 аралығында «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт.М.Дългачева, реж.К.Андреева) қойылымы қала мектептерінде көрсетіледі.

«Қойылым барысында оқушыларға Африка елінің орман аймағының патшасы арыстанның күлкілі жағдайда бойын үрей билеп, патшалықтан мән кетіп патшаның ауруы жайлы тотықұс аңның бәріне хабарларлап орман тыныштығының кеткені суреттеледі. Арыстан ауруының себебі – қорқыныш! Қойылым тек сахнада ғана емес, залдағы кішкентай көрермендерді де көмекшілер мен қатыстырушыларға айналдырады. Балалардың ой өрісінің дамуына әсер етіп ширақтыққа үйретеді. Джунглиде тәртіпсіздік орнап, арыстансыз берекенің жоқтығын мойындайды. Спектакль, көңілді әуеннің ырғағына құрылған, жарқын әрі қызықты», — деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: