Ақтөбе облысында аудан әкімдері биылғы бітіруші студенттермен кездесті

Жұбанов университетінде «Университет бітірушілерін жұмысқа орналастырудың тиімділігін арттыру» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстағы аудан әкімдері мен жұмыспен қамту мамандары өз аймақтарының даму бағдарламаларымен таныстырып, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар ұсынды.

Биыл 1749 түлек бітіретін оқу орны аудан басшыларына сегіз бағыт бойынша мамандар ұсына алады. Атап айтқанда, экономика, білім, құқық, қызмет көрсету, өнер, жаратылыстану және гуманитарлық, техникалық ғылымдар мен технологиялық бағытта аудандарда жұмыспен қамтылатын болды.

Кездесу соңында аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандары бітірушілермен жеке-жеке кездесті.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: