Ақтөбе қаласында көше атаулары латын тіліне қашан аударылады?

Жауапты ономастика мамандары толық латын тіліне өту үшін кемінде 5-6 жылдың керек екендігін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Көшелер мен атаулы маңдайшалардың латын графикасына көшіру жөнінде саяси шешім қабылданды. Алайда толыққанды түсінік беретін нұсқаулықтар жоқ.

«Латын тіліне аудару жөнінде шешім қабылданып, ұлттық жоспар бекітілді. Толықтай көшу үш кезеңге бөлінді. Әрбір кезеңнің өзінің мақсат мен міндеті, атқарылатын шаруалары бар. Атауларды көрсететін маңдайшалардың дұрыс жазылуы жөнінде 2024 жылы арнайы анықтамалар шығады», — дейді Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: