Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы қауіпті су қоймалары жазда жөнделеді

Ырғыз ауданы көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудандағы қауіпті бөгеттер жазда жөнделеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбенің Ырғыз ауданында бірнеше бөгет жөндеуді қажет етеді. Су қоймаларын жөндеуге 308 миллион теңге бөлінбек. Бұл қаржы биыл игеріліп, жөндеу жазда жүргізіледі. Сол кезде су астында қалуы мүмкін 10 ауылдың мәселесі шешіледі.

«Ырғыз ауданында қар түгел еріп болды. Ырғыз, Торғай өзенінде 40-60 см мұз бар. Жылдағы атқарылатын жұмысты жалғастырып, бөгеттер нығайтылды. Ең қатты су 1980 жылы келген екен. Ол кезде Ырғыздың үштен бір бөлігін су алған. Негізі Ырғыз өзені екі жерден бастау алады. Бірі Мұғалжар тауынан, екіншісі Әйтеке биден. Егер екеуі қатар келсе, қауіп бар. Соңғы 5-10 жылда бірінші су Мұғалжардан келеді. Биыл 2-3 күнде су келеді деп отырмыз», — деді Ырғыз ауданының әкімі Мәди Елеусізов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: