«Төрт ағайынды» ісі: Байғаниннің жігіттерін аяғынан тік тұрғызған Ізтұрғанов кім?

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан «Төрт ағайынды» ісінде кен орындарынан мұнайдың қалай ұрланғаны айтылып жатыр. Сотқа шақырылған куәгерлер бір ауданды аяғынан тік тұрғызған қылмыс әлемінің серкелері туралы айтып берді.

Мұнай ұрлығын анықтауға қатысты сотқа шақырылған куәгерлердің барлығы сотталушы Ізтұрғановтан қатты қорыққандарын айтуда.

«Ізтұрғанов туралы Байғаниннің жігіттерінен естідім. Оның ешкімді аямайтын қатаң екенін айтады. Оны өзім бетпе-бет көрген жоқпын. Менінен бірге жасайтын жігітке мылтықпен келіп қорқытып кеткен», — дейді кен бұрғылау орында оператор болып жасайтын маман.

Сотта мемлекеттік айыптаушылар Ізтұрғановтың қаншалықты беделді болғанын анықтауға тырысты.

«Ізтұрғановтың қылмыстық ортаның беделді өкілі деп айтып жатырсыз, ол қандай қылмыстық ортадан екенін айтқан жоқ па? Мұнай ұрлаумен айналысатынын білдіңіз бе?», — деді прокурор.

Сотта жауап берген куәгерлер Еркін Ізбасардың атын атап жатқан жоқ. Оны мүлде танымайтындарын, көрмеген адамдары екенін айтуда.

«Естігенім жоқ, кімнің кіммен байланысы бар екенін білмеймін. Оның мұнай ұрлығына қатысы бар екенін естідім. Ол маған тек телефонмен хабарласты. Оның нақты кімді ұрғанын білмеймін. Ащыкөлдің жігіттерін ұрғанын естідім. Мен Қайроштан отбасым үшін қорықтым. Мен баға жайында ешкіммен келіскен жоқпын», — деді куәгер.

Сотқа шақырылған Байғанин ауданындағы кен бұрғылау орындарында жұмыс жасаған операторлар Ізтұрғановтан қатты қорқатын болып шықты.

Қайыргелді Ізтұрғанов Байғанин ауданының тұрғыны. Сотта оның кен орындарына еркін кіріп, мұнай бағасын саудалағаны туралы айтылып жатыр.

Көрнекі фото: Legal.report

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: