Ақтөбеде физика, математика, бастауыш класс мұғалімі жетпейді

Ақтөбе мектептеріне физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш класс мұғалімі жетпейді. Қазір мектептерге 290 мұғалім қажет, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде педагогикалық колледж, университет болғанымен әлі де 290 маман жетіспейді. Бастауыш класқа 30 мұғалім жетіспейді. Математиканың 55, физиканың 24, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 32, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиетінің 20 мұғалімі керек. Бұл мектеп пен университеттің арасындағы байланыстың үзілгенінен туған олқылық.

«Университетпен жұмыс істеу керек. Ауданда 2-3 кафедра филиалы болғаны дұрыс. Кеңес үкіметі кезіндегі білім саласын қайта қалпына келтіру керек. Оның ішінде, балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орны арасындағы байланыс жандануы тиіс. Сол кезде мұғалім тапшылығы мәселесі болмайды. Университет бар, ал маман жетіспейді. Анализ жасалып, жұмыс жүргізу шет қалған. Студенттердің арманы – Ақтөбе қаласында қалу. Бәріне Ақтөбе қаласында дайын тұрған жұмыс, үй жоқ. Ауылға да бару керек. Мәселен, Кеңқияққа дәрігер-гинеколог арнайы барған. Сол секілді маманды көбейту керек», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Көрнекі фото: ya-roditel.ru

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: