Самат Смақов Ақтөбенің жас футболшыларына рух беріп жүр

Ақтөбеде футболдан мектеп лигасының ашылуы өтті. 2008 жылы туған балалардың қатысуымен «Hаmmer» спорт кешенінде футбол ойындары ұйымдастырылған. Турнирге қатысқандардың қатарында 6 мектеппен қоса, «Ақтөбе» ФК-ның футбол орталығы, ОБЖОРМ, Орталық стадионның футбол командасы және «Сымбат» жекеменшік мектебі бар.

«Ақтөбе қаласының 6 мектебінде «Футбол сабағы» жобасы бастау алған болатын. Ендігі кезекте, осы 6 мектептің арасында мектепаралық чемпионаттар ұйымдастырылады. Бұл спортты дамытуға бағытталған жоба. «Мектеп лигасы» демеушілердің көмегінсіз өтпеуі де мүмкін еді. Бұл жобаның ұйымдастырылуына ат салысуға қаламыздың бірнеше компаниясы ниет білдірді. Соның ішінде «Дару» клиникасын, «Акватория», «Цеснабанк», «Транстелекомсвязь» компанияларын ерекше айта кетуіміз керек», — дейді спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Шараның ашылуында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов та жас жеткіншектерге арнап құттықтау сөз сөйледі. Жеткіншектер «Ақтөбе» футболының аңыз адамына айналған спортшымен естелік суреттерге түсті.

Көрнекі фото: Footboom.kz

Пікір қалдырыңыз