Ақтөбе қаласында 7 мыңнан астам қаңғыбас ит атылды

Ақтөбеде өткен жылы 7500-ден астам ит пен 420 мысықтың көзі жойылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде жан-жануарлардан құтырма ауруы жұғып, адамдардың зардап шегу дерегі тіркелген жоқ. Дегенмен, ит пен мысық жаралап, тырнап, тістеп алған дерек бар.

«Ақтөбе қаласының емдеу мекемелеріне ит пен мысықтан, басқа да жануарлардан зардап шеккен 1200-ден астам адам тіркелді. Көбін ит тістеп алған. Сондықтан олардың әрқайсысына антирабияциялық екпе жасалды. Жануарлардан зардап шеккен 21 адам ауруханаға жатып, ем қабылдады»,- деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гауһар Игілікова.

Ақтөбе қаласы бойынша бір жылда 7500-ден астам ит, 420 мысық атылды. Құтырма ауруының алдын алуға бағытталған шара кезінде халыққа түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

«Құтырмамен ауырған адам сауықпайды, бірақ алдын алуға болмайды. Ол үшін уақытылы ем алу керек. Ит пен мысық, басқа да жануарлар ауырып өлген жағдайда міндетті түрде мал дәрігерлеріне хабар беру керек», — деді Гауһар Игілікова.

Көрекі фото: Newkuban.ru

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: