Ақтөбеде орта мектеп оқушыларының әкелері өзара сынға түсіп, бақ сынап жатыр

Ақтөбе қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының әкелері арасында байқау өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайта отырып, отбасы ынтымақтастығын дамыту мақсатында өткізілген сайысқа әр мектептен таңдалған 8 әке қатысты.

Сайыс таныстыру бөлімінен басталды. Әр сайыскер 2 минут ішінде өзін белгілі бір керемет дүниеге теңеп, себебін түсіндіруінің креативтілігі бағаланды. Келесі бөлімде әр әке өз баласымен сабақ оқыту барысындағы жағдайдан диалогтік көрініс келтірді.

Әкелердің білек күші тексеріліп гір көтеру, білектесу түрлерінен спорттық кезеңдерінен өтіп, шығармашылық қабілеттері де анықталды.

Сайыстағы тағы бір ерекшелік «Суретші болып тумадым, Суретші қылды ұлдарым…» тақырыбында ұсынылған натюрморттың суретін салу еді.

Өткізіліп жатырған байқау алда болатын «Әке беделі – ұлт абыройы» облыстық форумының бастамасы ретінде ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз