Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайына Жоғары спорт шеберлігі мектебі қоныстанады

Ақтөбеде мемлкеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жекпе-жек сарайы салынды. Енді бұл сарайда Жоғары спорт шеберлігі мектебі қоныстанады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында бірнеше республикалық, халықаралық жарыс өтті. Батыс-2 ауданындағы спорт сарайы 720 орынға арналған. Мұнда бокс пен күрестің барлық түрі бойынша жарыс өткізуге болады. Әрі жаттығу залдары заман табалына сай салынған. Спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына 1,5 миллиард теңге жұмсалды.

«Жекпе-жек» сарайында заманауи жиналмалы бокс рингі, күрес кілемдері, татами, жаттығуларға арналған спорттық құрал-жабдықтар орнатылған. Қаңтарда мұнда Жоғары спорт шеберлігі мектебі мекемесі көшіріліп, онда бокс және күрестің барлық түрлері дамиды. Бокс, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, каратэ-до, таеквондо WTF, самбо, қазақ күресі, жекпе-жек спорт түрлері бойынша жаттығу жүргізіледі», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметкері Сара Амангелдіқызы.

Айта кетейік, 5 ай бұрын ашылған спорт сарайында 4 халықаралық турнир өтті. Сонымен қатар, республикалық чемпионат, республикалық турнир ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: