Ақтөбеде Жаңа жыл түні қай көшелер жабылады?

Фото: aktobetimes.kz

Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуге байланысты кейбір көшелерді жабу туралы қаулы шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аталған құжатқа сəйкес, Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа қарасты жол бөліктері жабылады.

Атап айтқанда, Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткеліндегі барлық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Қоғамдық көлік қозғалысы параллель көшелерде уақытша сызба бойынша жүзеге асырылатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: