Ақтөбелік бойжеткен ауру шешесін бағу үшін аяз күні де мешіт жанында көрпе сатады

Малика Елемесова Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің жанына жұма сайын келеді. 22 жастағы қыз ауру шешесін бағу үшін кішкентай құрақ көрпелерін саудалап жүр.

«Үйімізді несиеге алдық. Əкем мен шешемнің алатын зейнетақысы үйдің қарызына кетіп жатыр. Анам мүгедек, кіші дəретін ұстай алмайды. Оның үстіне бір қолы жасамайды, үнемі жатады. Үйде анама жалғыз мен қараймын. Ақша жетпейді, кейде анамның дəрісіне ақша жеткізе алмай қиналамыз. Сондықтан көрпе тігіп, осы жерде сатамын», — дейді Малика Елемесова.

Жұмысқа шығайын десе, науқас анасына қарайтын адам жоқ.

«Ағам бөлек тұрады, апам облыстық ауруханада жұмыс жасайды. Апамның алатын 40 мың теңге жалақысы қара басына жетпейді. Мен мешіттің қасына келіп қайыр сұрап жүрген жоқпын. Қолымнан келетін затты жасап сатамын. Ақшасын анамның дəрісіне жұмсаймын. Анамды І топ мүгедегі ретінде ауыстырып берсе екен. Оны қарағаны үшін маған да төлер еді. Бірақ, ол құжатты жасай алмай отырмыз. Әкімдікке бірнеше рет бардым» — дейді Малика Елемесова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: