Халық әншісі Майра Ілиясова Тәуелсіздік күнінде ақтөбеліктерге мерекелік көңіл күй сыйламақ

Тәуелсіздік күнінде Ақтөбеде Өнер орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, продюсер Майра Ілиясованың «Айналдым, елім» атты мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мерекелік концерт 16 желтоқсан күні сағат 18-00-де басталады.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күнінде қала көлемінде бірнеше шара ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де «Керуен Сити» орталығында «Тәуелсіздігіміз мәңгілік» атты қалалық мерекелік концерт және Сазды мәдениет Үйінде «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте!» атты салтанатты мерекелік бағдарлама өтеді.

Сағат 14-00-де Өнер орталығында «Тәуелсіздік түлеткен Мәңгілік Ел» атты салтанатты мерекелік шара жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: