Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз ересек адаммен азаматтық некеде болған

Ақтөбе облысындағы Байғанин аудандық Ноғайты ауылында 19 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысымен азаматтық некеде тұрған. Бұл туралы «Диапазон» газеті хабарлап отыр.
Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кейін сот оны үш жылға бас бостандығынан шектеді.
Осы мерзім ішінде сотталушы мейрамханалар мен түнгі клубтарға бара алмайды. Ол полицияға барып, белгіленіп тұруы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: