Мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Стимул+» тобы 1 жылдық мерекелерін атап өтті

dav

Құрылғандарына бір жыл болған мүмкіндігі шектеулі жандардың «Стимул+» еріктілер тобы мерекелерін атап өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының жанынан құрылған еріктілер тобының құрамында 30 жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар.

Әлеуметтік белсенділікті арттыруға арналып құрылған топтың жыл бойы жеткен жетістіктері де аз емес. Республикалық, облыстық паралимпиадалар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары да осы топтан. Қаладағы ерікті топтармен тығыз байланыс орнатқан орта әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Тұңғыш Президент күніне орай арнайы концерттік шара ұйымдастырды. Бір жыл бойы жасаған жұмыстарын қорытындылап, көмек көрсетіп қолдаған жандарды алғыс хатпен марапаттады.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш топ биыл «Ең үздік әлеуметтік жоба» деп танылған болатын.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: