Ақтөбеде «Қайырымды автобус» жобасына қала әкімі Испанов бастаған шенеуніктер атсалысты

Науқас баланың еміне байланысты ұйымдастырылған қайырымдылық шараға қала басшылары да қолдау білдірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қайырымды автобус» акциясы лейкоз дертіне шалдыққан Ильяс Елеместің еміне арнайы қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Қайырымдылық шарасына қарапайым тұрғындармен бірге облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолова да арнайы автобуспен жүріп көмегін тигізгенін хабарлаған болатынбыз. Ұйымдастырылған жобаға қала әкімі Ілияс Испанов, қалалық маслихат хатшысы Сұлупан Панақызы, қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров үлестерін қосып, белсенділік танытты.

Ұйымдастырылған шарадан 80 000 теңгеге жуық қаражат жиналып сырқаттанған сәбидің анасына тапсырылды.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: