Гүлназ Сисенова Ақтөбе облысының Мемлекеттік сатып алулар басқармасына басшы болып тағайындалды

Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып Гүлназ Сисенова тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сисенова Гүлназ Сағынқызы 1981 жылы 28 шілдеде Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алға ауданының Алға қаласында салық комитетінің өндіру бөлімінің жетекші инспектор маманы қызметінен бастаған. 2003-2009 жылдар аралығында Ақтөбе облысының қаржы басқармасында жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді.

2009-2013 жылдар аралығында Ақтөбе облысы қаржы басқармасының нақты секторды қаржыландыру бөлімінің басшысы. 2013-2016 жылдары Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Алға ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: